2024 жылғы төтенше жағдай кезінде атқарылған жұмыстары үшін жергілікті жобалаушы және құрылыс ұйымдары қалалық әкімдіктен әлі күнге дейін ақшаларын ала алмай жүр.  Бұл мәселені кәсіпкерлер  облыс әкімінің орынбасары Рүстем Кұрмановпен кездесуде көтерді. Айтуларынша іс толығымен аяқталған, бірақ әкімдіктің ТҮКШ бөлімі ақысын төлемей отыр, деп жазады Qazaqstan Media.

Жобалаушы компаниялардың мәселесін Әміржан Шәкей жеткізді. Былтыр тамыз айында «Готика» ЖШС Жеңіс саябағында кәріз жүйесін салуға арналған жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеген. Оның күні 14 млн теңгеден асады. Жобалық-сметалық құжаттама аяғына дейін жеткізілгенімен, ол мемлекеттік қазынашылық органдарында тіркелмепті.

Петропавлда бөгет салуға көмектескен компаниялар әкімдіктен миллоиндаған қарызын ала алмай отыр 
Петропавлда бөгет салуға көмектескен компаниялар әкімдіктен миллоиндаған қарызын ала алмай отыр

«2025 жылдың қаңтарында аталмыш компания ТҮКШ бөлімімен тағы бір келісімге отырады. Ол Былғары зауытындағы бөгеттердің ЖСҚ түзету бойынша, жоба құны 20 млн теңгеге жақын. Жұмыс аяқталды. Шығынды «Готика» ЖШС  өзі көтерді»,- дейді Әміржан Шәкей.

Дәл осындай келісім Қызылжар ауданындағы  Тепличное елді мекеніндегі бөгетке қатысты  жасалған. Бұл жерде кеткен шығын 28 млн теңгені құрайды. Келісімшарттардың бірі де мемлекеттік қазынашылық органдарында тіркелмегендіктен, компания тиісті төлемдерді ала алмай отыр.

Облыс әкімінің орынбасары Рүстем Құрманов бұл мәселені білетінін айтты.

Петропавлда бөгет салуға көмектескен компаниялар әкімдіктен миллоиндаған қарызын ала алмай отыр 
Петропавлда бөгет салуға көмектескен компаниялар әкімдіктен миллоиндаған қарызын ала алмай отыр

«Қызылжар ауданының қарызы жуықарада төленеді. Әкімдік  аудандық мәслихат сессиясына өтініш түсірді.  Ал қалалық әкімдіктің ақшасы кешіктіріліп төленеді»- ,  деді облыс әкімінің орынбасары. 

Төтенше жағдай  кезінде жұмыс істеп, ақшасын ала алмай жүрген компаниялардың  бірі- «TFA GROUP» ЖШС. Компания әкімдіктің ауызша тапсырмасымен Петропавлдағы бөгетті салу үшін 109 мың текше метр саз балшық жеткізген. Жұмыс құны — 54 миллион теңге. Бірақ бас мердігер «КазСтройТехник» ЖШС  келісімшарттың жоқтығын алға тартып, ақыны төлеуден бас тартқан.

Рүстем Құрманов тың айтуынша,  әкімдік бас мердігер «Қазстройтехник» ЖШС толық есеп айырысқан. Сондықтан ТҮКШ бөліміне, ақшаның төленбеуінің мән-жайын  анықтауға тапсырма берді.

Тағы оқыңыз: Петропавлда қыз зорлады деген күдікпен екі жігіт ұсталды

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *