Qazaqstan Media

Петропавлдың шетінде орналасқан Заречный кентінің тұрғындары жылда көктемде қызыл судың құрбанына айналады. 2017-ші жылы бұл жақта орналасқан үйлер және саяжай учаскелерін толығымен су басқан еді. Нәтижесінде қарапайым халық мүліктерін тастап, туған-туысқандарын мекендеуге мәжбүр болды. Содан сабақ алған билік өкілдері мұндай оқиға қайталанбас үшін тасқынның алдын алу жұмыстарын жүргізуде, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

2020-шы жылы Заречный кентінің айналасында қорғаныс бөгеті салынды. Оның ұзындығы бір жарым шақырым, ал биіктігі үш метрге дейін жетеді. Қазіргі таңда, мамандар оны нығайтып, құм салынған қапшықтармен бекітуде.

«Жыл сайын бөгетті ақ сазбен тығыздау бойынша жұмыс жүргіземіз, қап дайындаймыз. Бұл қорғаныс бөгеті ең алдымен, тұрғындар мен олардың үй-мүлкін су басудан сақтауы тиіс», -дейді «Тазарту, су бұру және су өткізу құрылыстары» КМК директорының орынбасары Денис Маршалов.

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x