Петропавлда азықтық ашытқы шығаратын зауыт салынады

Италиялық инвестор Петропавлда азықтық ашытқы шығаратын зауыт салмақшы. Қарашаның 28-і облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов «PROSOL» компаниясының басқарушы директоры Даниэле Бонвичинимен кездесіп, жобаны жүзеге асыру жоспарын талқылады, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Бұл компания қарашада «Qyzyljar» арнайы экономикалық аймағының қатысушысы атанды. Шетелдік инвестор азықтық ашытқы шығаратын зауыт салуды жоспарлап отыр. Оны құрама жем өндірісінде және мал азығы рационында биоқоспа ретінде қолданады.

«Жаңа өнім біздің аграрлық аймақта үлкен сұранысқа ие болады. Жобаның инвестиция көлемі 1,5 млрд теңгені құрайды. 40 жаңа жұмыс орны ашылады», — деп жазды өңір басшысы әлеуметтік желідегі парақшасында.

Тағы оқыңыз: Е. Степаненко: 2025 жылы Мамлют ауданының әр ауылында таза ауыз су болады

Поделиться:

Shares
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x