Петропавлда 41 жастағы ер адам әйелді балағаттап, үйінде жанжал шығарғаны үшін жауапқа тартылды. Бұл іс Петропавл қаласының мамандандырылған сотында қаралды, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі.

4 маусым күні Петропавл қаласының мамандандырылған әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі сотында 41 жастағы азаматқа қатысты «Тұрмыстық-отбасылық қатынас саласындағы құқыққа қарсы әрекеттер» 73-бабы 2-бөлігі бойынша әкімшілік іс қаралды.

Сәуір айында әйел адам полицияға отбасылық жанжалдың құрбаны болғанын айтып, арыз жазған. Белгілі болғандай, оның азаматтық некедегі жолдасы үйінде жанжал шығарып, әйелін балағаттаған. Құқық бұзушыға қатысты полиция қызметкерлері әкімшілік материал жинап, сотқа жолдады.

Петропавл қалалық мамандандырылған сотының төрағасы Дамир Шамуратов істің мән-жайын зерделеп, 41 жастағы азаматты құқық бұзғаны үшін кінәлі деп таныды. Оған 10 тәулікке әкімшілік қамау түрінде жаза тағайындады. Сонымен қатар алкогольдік ішімдіктерді қолдануға тыйым салу бойынша оның әрекеттеріне 6 айға ерекше талап қойды.

Тағы оқыңыз:Уәлиханов ауданының оқушылары бір күндерін Петропавлда өткізді

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x