[et_pb_section fb_built=»1″ admin_label=»section» _builder_version=»4.16″ global_colors_info=»{}»][et_pb_row admin_label=»row» _builder_version=»4.16″ background_size=»initial» background_position=»top_left» background_repeat=»repeat» global_colors_info=»{}»][et_pb_column type=»4_4″ _builder_version=»4.16″ custom_padding=»|||» global_colors_info=»{}» custom_padding__hover=»|||»][dsm_perspective_image src=»https://qaz-media.kz/wp-content/uploads/2023/03/f2e40f4b-8b45-4a0f-a63b-2367f8c95c5d.jpg» align=»center» _builder_version=»4.18.0″ _module_preset=»default» global_colors_info=»{}»][/dsm_perspective_image][et_pb_text _builder_version=»4.18.0″ _module_preset=»default» hover_enabled=»0″ global_colors_info=»{}» sticky_enabled=»0″]

Петропавлда мас күйінде аялдама әйнегін сындырған тұрғын 5 тәулікке әкімшілік қамаға алынды, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

21 жастағы петропавлдық мас күйде 20 шағын аудандағы аялдама кешенінің әйнегін әдейі сындырған. Сол үшін 5 күнге қамалды. Жалпы жыл басынан бері облыс орталығында аялдама павильондарының зақымдануының 6 фактісі тіркелді. Осы ретте полицейлер құқық бұзушылық үшін жауапкершілік қарастырылғанын еске салады.

«Бұған дейін мұндай құқық бұзушылықтар ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы (Ұсақ бұзақылық) бойынша сараланатын. Алайда 2023 жылғы 7 наурыздан бастап заңнамада бөтеннің мүлкін қасақана жойғаны немесе бүлдіргені үшін жауапкершілікті көздейтін жаңа норма қолданысқа енгізілді. Енді ҚР ӘҚБтК-нің 147-1-бабына (Бөтен мүлікті қасақана жою немесе бүлдіру) сәйкес мұндай әрекеттерді жасағаны үшін жауапкершілік 20 АЕК мөлшерінде айыппұл немесе 5 тәуліктен 15 тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамауға алуды көздейді. Ұсақ бұзақылық қайта жасалған жағдайда 15 тәуліктен 30 тәулікке дейінгі мерзімге қамауға алу көзделген», – деді Петропавл қаласы полиция басқармасының ЖПҚБ бастығы  Айдын Ахмағамбетов.

[/et_pb_text][/et_pb_column][/et_pb_row][/et_pb_section]

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x