Петропавлда автотұрақта өрт шығып, Mazda көлігі толығымен жанып кетті, деп жазады Qazaqstan Media.

Оқиға тоғызыншы қыркүйек күні, кешкі сағат сегіз шамасыда Хименко көшесінде орналасқан автотұрақта болған. Өрт шыққан жерге №2 өрт сөндіру бөлімінің мамандары жылдам жетіп, үш минут ішінде отты ауыздықтап үлгерді. Дегенмен, көлік толығымен жанып кетті.

«Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Қасында тұрған Volkswagen Passat машинасына да от тиді. Қатты ыстық лептен оң жақ фары, бамперіне зақым келді»,- деп хабарлады СҚО ТЖД баспасөз қызметі.

Алдын ала болжам бойынша от сымдардың қысқа тұйықталуынан шыққан.

Тағы оқыңыз: Дүниежүзілік көшпенділер ойыны: Қазақстан медальдар кестесінде көш бастады

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *