Петропавлда автокөлік жүргізушісі велосипедшіні қағып кетті

Петропавлда Lifan көлігінің жүргізушісі 12 жастағы велосипед мінген баланы қағып кетті. Оқиға Абай мен Жамбыл көшелерінің қиылысында болды, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілішісі.

Жас баланың қатысуымен жол-көлік оқиғасы 26 тамыз күні Абай мен Жамбыл көшелерінің қиылысындағы жаяу жүргіншілер жолағында болған.  29 жастағы автокөліктің жүргізушісі 12 жастағы велоспидешіні қағып кеткен. Бала облыстық көпбейінді балалар ауруханасына жеткізіліп, медициналық көмек көрсетілгесін үйіне жіберілді.

Ал жол –көлік оқиғасына қатысы бар Lifan машинасының жүргізушісіне қатысты тәртіп сақшылары әкімшілік материал жинады.  

Тағы оқыңыз: Петропавлдағы Солнечный-2 шағын ауданында биыл жарық мәселесі шешіледі

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x