Петропавлда автокөлік пен скутер соғылды

Бүгін, 22 тамызда Петропавлдағы Пушкин мен Крепостная көшелерінің қиылысында жол апаты болды.Нәтижесінде, екі адам зардап шекті, деп жазады Qazaqstan Media.

Полиция департаментінің мәліметінше, Mercedes көлігінің 24 жастағы жүргізушісі скутерге жол бермей, соқтығысып қалған.

«Полиция қызметкерлері екі адам зардап шеккен жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша қажетті сараптамалар тағайындау және одан әрі іс жүргізу үшін материал жинауда. Mercedes көлігінің жүргізушісінен қажетті қан сараптамасы алынды. Қазіргі уақытта көлік мамандандырылған тұраққа қойылды», — деп хабарлады полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Алдын-ала болжам бойынша, жеңіл көлік жүргізуші ішімдік ішпеген. Зардап шеккен автокөлік жүргізушісі көпсалалы қалалық жедел жәрдем ауруханасының жарақаттану бөліміне жеткізілген. Дәрігерлердің тексерісінен кейін ол үйіне жіберілді. Емді амбулаторлы түрде қабылдайды. Ал, скутердегі жолаушы облыстық көпсалалы ауруханаға жеткізілді. Қазір оған барлық медициналық көмек көрсетілуде. Өміріне еш қауіп төніп тұрған жоқ.

Тағы оқыңыз:Әлемнің 35-елінен келетін садақшылар қазақстандық өнімді пайдаланады

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *