Алдағы дүйсенбіден бастап, Петропавлда қоғамдық көліктерде жол жүру ақысы қымбаттайды, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.
Қыркүйектің 25-нен бастап қоғамдық көліктерде жүру ересектер үшін картамен 100 теңге болады. Ал, қазіргі кезде ол 80 теңгені құрап отыр. Егер автобусқа мінгенде қолма-қол ақшамен есеп айырысатын болсаңыз, 170 теңге төлейсіз. Балалар қоғамдық көлікте жүргені үшін картамен 50, картасыз -85 теңге төлемек.
Сонымен қатар қала маңындағы автобустар да ақыларын қымбаттатқан. Облыс орталығынан Мамлютка, Соколовка, Беловкаға дейін 500 теңге. Ал Бескөлге 200 теңге болады. Петропавлдан Пеньково, Петерфельд бағытында жүретін автобустарда жол жүру ақысы 250 теңгеге дейін көтеріледі. Ольшанкаға дейін 350, Затонға дейін 300 теңге болады.
Тағы оқыңыз: Кішкенекөлде чемпионның құрметіне автошеру ұйымдастырылды