Петропавлда автобус пен автокөлік соқтығысты. Өкінішке қарай, салдарынан екі адам жарақат алды, деп хабарлайды Qazaqstan Media.
Келеңсіз оқиға таңғы 8:00-де, Партизан көшесі бойында орын алды. «Lada Granta» мен «Yutong» маркалы автобус соқтығысқан. Салдарынан екі адам түрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді.
«Аталған оқиға бойынша тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде. Айта кету керек, екі жүргізуші де алкоголь ішпеген», — деп хабарлады СҚО ПД баспасөз қызметі.
Зардап шеккен жандар қалалық көпсалалы ауруханаға жеткізілді. Медициналық мекеменің бізге берген дерегіне сүйенсек, жарақат алған әйелдің қабырғасына зақым келген. Ал жеңіл автокөліктің жүргізушісінің жамбас сүйегі сынған.
Тағы оқыңыз: 18 қазан — Рухани келісім күні