Петропавл қаласында полиция қызметкерлері 46 жастағы Австрия азаматына көмек көрсетті. Ол «Динамо» стадионы аумағында түнемек болған, деп хабарлайды Qazaqstan Media.
Аарон Арья — Австрия азаматы, Қазақстанға алғаш рет келген. Ол Түркиядан Астанаға ұшақпен келіп, Петропавлға автостоппен жеткен. Стадионда түнемек болған сәтінде полицейлер оны байқап, жағдайын тексерді. Миграциялық қызмет оның елде заңды негізде жүргенін растады.
Тәртіп сақшылары Ааронға қонақүйден жайлы орын тауып беріп, демалуына мүмкіндік жасады. Ол орыс тілінде еркін сөйлейді, саяхаттауды ұнатады және ауыл өміріне ерекше қызығушылық танытады. Қазақстанға алғаш келген ол, полицейлердің қамқорлығына риза болып, алғысын білдірді. Сапарын Орталық Азия елдерінде жалғастыруды жоспарлап отыр.
Тағы оқыңыз: СҚО-да тасыған Есіл өзенінің деңгейі төмендеп келеді