Петропавлда кезекті ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді. Бұл ауылдың дәмін сағынған қала тұрғындарына қысқа қамдануға тамаша мүмкіндік, деп хабарлайды Qazaqstan Media.
Ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі желтоқсанның 13-і күні өтеді. Шара таңғы 8:30-дан 12:30-ға дейін жалғасады. Сөрелерге тек сапалы өнімдер қойылады, ең бастысы — делдалсыз.
Жәрмеңке «Алтын Арман», «Қызылжар-Ақбастау», «Дәрия» базарларында өтеді. Шараға арнайы Ақжар, Ғ.Мүсірепов, Тимирязев, Есіл, Жамбыл, Уәлиханов және Мамлют аудандарының тауар өндірушілері қатысады. Өнімдердің бағасы нарықтағыдан 15-20 пайызға төмен.
Тағы оқыңыз: Петропавлда зергерлік дүкенді қасақана өртеген ер адам ұсталды

