Петропавлда ауыл әйелдерінің форумы өтті

Петропавлда еліміздің 4 өңірінен келген қыз-келіншектер бас қосты. Ауыл әйелдерінің форумына жиналған олар кәсіпкерлік пен елді мекендерді дамыту жайын талқылады, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Жиынға  Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Қостанай және Павлодар облыстарының ауыл әйелдері қатысты. Аталған форумды аймақтарда өткізу соңғы 6 жылда дәстүрге айналған.  

Петропавлда ауыл әйелдерінің форумы өтті
Петропавлда ауыл әйелдерінің форумы өтті

Жиында әйелдер кәсіпкерлігін дамыту үшін іске асырылып келе жатқан «Coca-Cola белестері» жобасы жайлы да айтылды. Оның арқасында 11 жыл ішінде жүздеген адам өз кәсібін ашқан.

«Халықаралық «Coca-Cola белестері» жобасының аясында әйелдерге 4 мың доллар көлемінде грант беріледі. 11 жылдың ішінде 65 мыңдай ауыл  әйелдерін оқытып, үйреттік. Олардың 117-сі қазіргі уақытта грант иегерлері атанып, өз кәсібін өрге домалатып отыр. Биыл тағы 20 ауыл әйеліне грант беріледі», — дейді Қазақстан ауыл әйелдері форумын ұйымдастыру комитетінің төрағасы Майра Айсина.

Петропавлда ауыл әйелдерінің форумы өтті

Тағы оқыңыз: Петропавлда шығарылған 50 вагон «Жолаушылар тасымалы» АҚ берілді

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x