Петропавлда 24-ші қазан күні ауқымды ауыл шаруашылық жәрмеңкесі өтеді. Шара Мағжан Жұмабаев көшесі бойында және Жұмысшы кентінде ұйымдастырылады, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Жәрмеңкеде Петропавлдан және өңірдің 13 ауданынан 110-нан астам кәсіпорын өз өнімдерін ұсынады. Қала тұрғындары мен қонақтарына келесі өнім түрлері ұсынылады: ауыл шаруашылығы жануарларына арналған жем — 780 тонна, ет және шұжық өнімдері — 52 тонна, сүт және сүт өнімдері — 12,3 тонна.

Сонымен қатар, шарада 45 тонна ұн және макарон, 4,5 тонна бал және ауыл шаруашылық өнімдері, 110 мың дана жұмыртқа сөрелерге қойылады. Айта кету керек, жәрмеңкеде  барлығы 110 мың тонна өнім саудаға шығарылады. Тауарлардың бағалары нарықтағыдан қарағанда 10-15 пайызға төмен.

Жәрмеңкеде ұсынылатын өнімдердің барлығы сапалы, экологиялық таза және ең бастысы делдалдарсыз.

Тағы оқыңыз: Қыс 2025. Синоптиктер алдағы қысқа болжам жасады

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *