Петропавлда ата-аналар арасындағы спорттық лига бастау алды
Петропавлда ата-аналар арасындағы спорттық лига бастау алдылигасы бастау алды. Олар енді оқу жылының соңына дейін спорттың үш түрі бойынша сайысатын болады, деп хабарлайды Qazaqstan Media.
Демалыс күндері Әлихан Бөкейханов атындағы қалалық №25 мектепте спорт лигасы бастау алды. Жарысқа қатысушылар – әдеттегідей кәсіби спортшылар емес, аталған мектеп оқушыларының ата-аналары. Олар енді мамыр айына дейін үш спорт түрі кім мықтыны анықтайтын болады.
«Шара арқылы ата-ана мен мектеп арасындағы байланысты нығайтқымыз келеді. Ата-аналар әр сенбі-жексенбі сайын волейбол, тоғызқұмалақ және арқан тартыс бойынша сайысатын болады. Бұл — мектепішілік дода. Жарысқа 23 команда қатысуда», — деді мектеп директоры Жұлдыз Хасенова.
Бірінші ата-аналар волейболдан кім мықтыны анықтады. Алаңға бірінші және үшінші сынып оқушыларыңыз ата-аналары шықты. Ойын тартысқа толы болды.
Тордың екі жағындағы командалар бір-біріне дес бермеді. Мүмкіндікті ұтымды пайдаланып, қарсыластың алаңына допты шегеше қадады. Жойқын соққылар мен қарсы тосқауылдар жарыстың көркін қыздырды. Тоғызқұмалақ пен арқан тартысы бәсекесінде екінші сыныптың ата-аналары басқаларынан басым болды.
Петропавлда ата-аналар арасындағы спорттық лига бастау алды
«Бұл жарыс бізге жаңа таныс пен дос табуға мүмкіндік береді. Одан қалды, демалыс күнгі уақытымыз да босқа кетпейді. Спортпен шұғылданғанды жаным сүйеді», — деді лигага қатысушы Жанаргүл Мәдиева.