Петропавлда жанжал шығарып, анасын балғаттап, оған ауыр сөздер айтқан ер азамат 10 күнге қамауға алынды, деп жазады Qazaqstan Media.
Облыс орталығының 48 жастағы тұрғыны анасын балағататуды әдетке айналдырған сыңайлы. Ол бұған дейін де осындай құқық бұзушылық жасаған. Сондықтан оған 30 күн бойы анасына жақындап күш көрсетуге, балағат сөз айтуға және қауіп төндіретін қасақана заңсыз әрекеттер жасауға тыйым салынған. Алайда ескертуді елемеген ер адам мас күйде анасымен жанжалдасқан. Осылайша, ол қорғау ұйғарымын бұзды. Бұл үшін заңмен 10 тәулікке қамауға алу түріндегі баламасыз жаза көзделген.
«Балағат сөздер — тұрмыстық зорлық-зомбылықтың бір түрі. Ол үйдегі жағдайдың шиеленісуіне алып келуі мүмкін. Ұрып-соғу сияқты оның да жолын кесу қажет. Қазіргі таңда отбасында жеке басқа қатысты қорлаудың кез келген түріне жол берілмейді. Жыл басынан Петропавлда қорғау ұйғарымын бұзған 89 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды», — деп хабарлайды СҚО ПД баспасөз қызметі.
Тағы оқыңыз: Солтүстік Қазақстанда үздік энергетиктер марапатталды