Петропавлда «AMANAT» депутаты өз қаражаты есебінен мектептердің бірінің жылы өткеліне есік орнатты. Ол білім ордасындағы қолайлы температураны сақтау үшін қажет, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.
Петропавлда «AMANAT» депутаты өз қаражаты есебінен мектептердің бірінің жылы өткеліне есік орнатты. Бұл есіктер жел өткізбей, мүмкіндігі шектеулі балаларға қолайлы температураны сақтау үшін қажет. Ал Айыртау ауданында партиялықтар Имантау ауылының тұрғынына қаз сатып алу үшін «Еңбек» бағдарламасы бойынша 1 млн. 380 мың теңге көлемінде грант алуға көмектесті.
Солтүстікқазақстандықтардың көпшілігін ТКШ мәселелері алаңдатады. Абаттандыру және инфрақұрылымды сақтау мәселелесі бойынша 555 адам жүгінді. Тайынша ауданында Северное ауылының тұрғындары жолды ішінара жөндеуді сұрады. Бірнеше күн бойы жергілікті серіктестік жолға қиыршық тас төседі.
Әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша жыл басынан бері 214 өтініш келіп түсті. Сондай-ақ, солтүстікқазақстандықтарды кәсіпкерлік, жұмысқа орналастыру және еңбек дауларын шешу тақырыптары толғандырады.
«Тұрғындар денсаулық сақтау, білім беру, тұрғын үй және жер учаскелерін бөлу салаларындағы өз проблемаларын шешуді сұрайды. Осы бағыттардың әрқайсысы бойынша азаматтардың 5% жүгінген», — деді «AMANAT» партиясының СҚОФ қоғамдық қабылдау бөлмесінің меңгерушісі Гүлфира Рамазанова.
Жалпы, жыл басталғалы «AMANAT» партиясы Солтүстік Қазақстан облыстық филиалының қоғамдық қабылдауына азаматтардан 1452 өтініш келіп түсті. Солардың 693-і оң шешімін тапқан.
Тағы оқыңыз: СҚО-дағы қайғылы оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалды