Петропавлда алты тілді жетік меңгерген полиглот әйел тұрады

Петропавлдық ұстаз Чинара Қананқызы алты елдің тілін меңгерген. Полиглот бүгіндері  С. Мұқанов атындағы № 32 мектепте ағылшын тілінен сабақ береді, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Чинара Қананқызының бала кезінен тіл үйренуге деген құлшынысы зор болған. Сондықтан ол мектепте жүргенде екі елдің тілін меңгеріп алған. Кейін жоғарғы оқу орнында жүріп, білімін толықтыра түскен. Бүгіндері ол қазақ, орыс, ағылшын, әзербайжан түрік және неміс тілдерінде еркін сөйлей алады.

«Ұлтым әзербайжан болғандықтан туған тілімде жақсы сөйлеймін. Біз қазақ елінде тұрамыз. Сондықтан мемлекеттік тілді білу менің парызым. Яғни, қазақ тілінде де еркін сөйлей аламын. Жалпы, тілдерді білу заман талабы деп санаймын», — дейді полиглот Чинара Қананқызы.

29 жастағы ұстаз шәкірттерінің де тіл үйренуге деген қызығушылығын оятқан. Оның оқушысы. Мелина Меркури бүгіндері 5 тілді біледі.

Петропавлда алты тілді жетік меңгерген полиглот әйел тұрадыПетропавлда алты тілді жетік меңгерген полиглот әйел тұрады

 

«Мен орыс, албан, грек және ағылшын тілдерін білемін. Бұрын неміс, түрік, испан тілдерін оқыдым. 7 жасқа дейін отбасымызбен Грецияда тұрдық. Кейін Албанияға көшіп, онда 7 жыл тұрдық. Ал ағылшын тілін 1 сыныптан бастап меңгере бастадым. Қазір қазақ тілін үйреніп жүрмін. Маған осы елдің мәдениеті, салт-дәстүрлері ерекше ұнайды», — дейді №32 орта мектептің оқушысы Мелина Меркури.

Болашағынан зор үміт күттіретін 16 жасар қыз тіл үйрену үшін ең бастысы ынта болса болғаны дейді. Сондықтан ол келешекте испан және француз тілдерін үйренгісі келеді.

Тағы оқыңыз:«Горгаз-сервис» ЖШС Табиғи монополияларды реттеу департаментін сотқа берді

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x