Петропавлда алдағы екі күн ашық болады

Петропавлда алдағы екі күн жауын-шашынсыз болады. Термометр көрсеткіші + 21 градусқа дейін жоғарылайды, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі.

Синоптик мамандар, алдағы екі күнде Петропавлда күн ашық болады деп болжап отыр.
27-ші тамыз күндіз +19 градус жылы болса, түнде +11 жылы болады. Көшпелі бұлт жүріп, секундына 9-14 метрді құрайтын жел болады.
Ал 28-ші тамыз күні облыс орталығында ауа температурасы +21 градусқа дейін көтеріліп, жылынады.
Солтүстік Қазақстан облысын бойынша айтар болсақ, өңірдің солтүстігінде, шығысында жаңбыр жауып, найзағай болады. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман түседі деп болжанып отыр. Түнде ауа температурасы +11 градус болса, күндіз +23 градус жылы болмақ.
Облыстың солтүстігінде желдің екпіні секундына 20 метрге дейін жетпек.

Тағы оқыңыз: Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында 1300 ерікті жұмыс істейді

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x