Петропавлда соңғы жылдары құрылыс жұмыстары кең көлемде жүргізіліп жатыр. Осыған орай, облыс орталығында бірқатар жер учаскелері мемлекет меншігіне алынуда. Алдағы екі жылда 11 көшедегі жер телімі мемлекет меншігін қайтарылып, ол жерде жаңа нысандарды салу жоспарда бар, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі.
2025-2027 жылдар аралығында Петропавлдағы бірнеше көшедегі жер учаскелерін қалалық әкімдік өз қажеттілігі үшін қайтарып алады. Яғни, бұл учаскелерде құрылыс жүргізіледі. Бас-аяғы 11 көше. Зауыт, Крепостной, М. Әуезов, Н. Назарбаев және Қ. Таштитов, Ш. Уәлиханов көшелері, сондай-ақ Парк, Исмаилов, Набережный, Пушкин, Жамбыл өткелі көшелеріндегі жер телімдері алынады. Бұл туралы облыстық энергетика және ТҮКШ басқармасы QM редакциясына хабарлады.
Бірақ, учаскелердің нақты қай жерде орналасқаны айтылмады. Сонымен қатар, басқарма берген мәлімет бойынша, жуық арада Жұмысшы кентінде жер телімдерін алу, үйлерді сүру жұмыстары жүргізілмейді. Жоспарда жоқ екен.
«Петропавл қаласы әкімдігінің ТҮКШ бөлімінде Караван және Украин көшлерінде орналсқан жеке сектордан «мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін мәжбүрлеп алу» туралы қала әкімдігінің қаулысы жоқ», — деп жауап берді ведомствода.
Тағы оқыңыз: Петропавлда Универсальная көшесіндегі автожол өткелінің құрылысы 72 пайызға аяқталды