Петропавлда алдағы референдум туралы ақпараттық-түсіндірме жұмыстары қызған

Петропавлда қоғамдық орындарда референдум туралы ақпараттық – түсіндірме жұмыстары жалғасып жатыр. Жастар ресурстық орталығының өкілдері облыс орталығындағы ірі сауда орындарында парақшалар таратуда, деп жазады Qazaqstan Media.

Санаулы күндерден кейін Қазақстанда референендум өтіп, тұрғындар өз таңдауын жасайды. Ал әзірге, жер-жерде АЭС салу бойынша түрлі ақпараттық шаралар өтіп жатыр. Қоғам белсенділері, халық қалаулылары арнайы халықтық штаб құрып еңбек ұжымдарымен кездесулер ұйымдастырса, жастар жағы үнпарақтар таратуда.

Жастар ресурстық орталығының мүшелері Петропавлдағы халық көп шоғырланатын орындардың бірі саналатын City Mall сауда-ойын-сауық орталығына келушілерге үнпарақтар таратты. Онда жалпы референдумның қалай өтетіндігі  жайында ақпарат берілген. Сонымен қатар, биылғы референдумның не үшін ұйымдастырылатындығы туралы ақпарат бар.

«Біздің еріктілер референдум өтеді деген күннен бастап, тұрғындарды оған қатысуға үгіттеуде. Себебі, ол еліміз үшін маңызды оқиға. Біздің таңдауымыздың арқасында, ел болашағы шешіледі. Халық болып дұрыс шешім қабылдауымыз керек. АЭС құрылысы туралы ұсыныс былтырдан бері айтылды. Қазір нақты қадам жасайтын уақыт. Сондықтан біздің мақсатымыз – халық арасында референдум туралы, АЭС құрылысы туралы көбірек ақпарат тарату», — дейді Петропавл жастар ресурстық орталығының жетекшісі Дамир Абдин.

 

Тағы оқыңыз: СҚО-да демалыс күндері 21 градус жылы болады

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x