Петропавлда «Туған жерім – Қазақстаным» атты мерекелік іс-шара өтті. Алғыс айту күні – тек өткенді еске алу ғана емес, ол сондай-ақ, болашаққа деген үміт пен сенімнің мерекесі. Бұл-қазақстандықтарды сыйластық пен бірлікке шақыратын мереке, деп жазады Qazaqstan Media.

Қазақстан халқы Ассамблеясы – еліміздің тұрақтылығы мен келісімінің жарқын үлгісі. 1995 жылы Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылған бұл ұйым бүгінде барлық этностардың мәдениеті мен дәстүрін сақтап, ортақ құндылықтарды насихаттайтын маңызды институтқа айналды. Ал Алғыс айту күнінде этностар бірлік пен бейбітшілік үшін бір-біріне алғыстарын жолдады.

Петропавлда Алғыс айту күніне арналған мерекелік кеш өтті

«Қазақстан халқы ассамблеясы — бұл еліміздің елдігін, бірлігін айшықтайтын институт. Оның құрамындағы әр ұлт өз салтын, әр азамат өз дәстүрін дәріптеп жүр. Ассамблеяның құрылуы — бұл Қазақстанда тұрып жатқан ұлт пен этностарға деген құрметтің белгісі. Біз ертеңіміз үшін алаңдамаймыз. Себебі, елде бірлік бар, тұрақтылық орнаған. Қиын кезде өзге ұлт өкілдерін қабыл алып, бауыр басқан қазақ халқына алғыс айтамын», — деді өз сөзінде еврей этномәдени бірлестігінің төрағасы Рашбиль Евдаев.

Залға жиналған әр көрермен Ассамблеяның да, айтулы мерекенің де маңыздылығын жете түсінеді. Себебі, 30 жыл бұрын құрылған институт өзінің өміршеңдігін дәлелдеп келеді.

Петропавлда Алғыс айту күніне арналған мерекелік кеш өтті

«Еліміздің тыныштығы мен бірлігі әр азамат үшін маңызды. Діні мен тіліне, түріне қарамастан біз-бауырмыз. Мақсатымыз бір бірлікті сақтау. Бір шаңырақ астында тату өмір сүру. Достық пен сыйластықты ту ету. Осы алған бағытымыздан қайтпау керекпіз. Алғыс айту күні бұл әр жанға жақсылығы үшін ризашылық білдіру. Бұл күннің, мерекенің мәні зор. Біз бейбіт өмір үшін алғыс айтамыз», — дейді СҚО Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Ақсақалдар кеңесінің төрағасы Ескендір Елеусізов.

Мерекелік кеште түрлі этномәдени орталықтардың шығармашылық ұжымдары өз өнерлерін көрсетіп, қонақтарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
Петропавлда Алғыс айту күніне арналған мерекелік кеш өттіІс-шара соңында барлық этномәдени бірлестіктер бір әнді шырқап, мерекелік торттан ауыз тиді.

Тағы оқыңыз: Қазақстан халқы Ассамблеясының дамуына үлес қосқан солтүстікқазақстандықтар марапатталды

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *