Петропавлда алғашқы 600 орындық «Жайлы мектеп» ашылды

Петропавл қаласында бірінші «Жайлы мектеп» ашылды. Орман шағын ауданында орналақсан білім ордасы 600 орынға шақталған. Бұл ұлттық жоба асында салынған оқу ордасы, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі.

«Жайлы мектептердің» құрылысы Қазақстанның барлық өңірлері мен республикалық маңызы бар қалаларда жоспарланған. Бүгін Петропавлда солардың бірі қолданысқа берілді. Білім ордасы жаңа бірыңғай стандарт бойынша салынды. Бастауыш және жоғары сынып оқушылары мектепте бөлек блоктарда оқиды. Әр блокта оқу кабинеттері, дәретханалар мен спорт залдар болады. Мектеп физика, химия, биология және робототехника пәндері бойынша заманауи кабинеттермен жабдықталған. Кабинеттерге touch-экрандар орнатылып, мектептің кез келген жерінен жылдамдығы жоғары интернетке қосылу мүмкіндігі беріледі. Ерекше білім алуды қажет ететін балаларға тиісті жағдайлар жасалған.

Петропавлда алғашқы 600 орындық «Жайлы мектеп» ашылды

«Бізде жақсы әдістемелік құралдар бар. Сенсорлы бөлме, құрғақ бассейн. Инклюивті бөлмеде қарастырылған. Онда балалар бір-бірімен тең жұмыс істей алады», — дейді №28 жаңа жайлы мектептің логопед-педагогы Сәуле Абдрахманова.

Василиса Омарова осыған дейін №16 мектепте оқыпты. Енді жаңа ашылған мектепте оқуға бел буған. Оқушы қолөнермен айналысқанды жақсы көреді екен. Кейбір бастаған туындыларын енді жаңа мектепте аяқтайтын болады.

«Мен аппликацияны желім техникасында жасадым. Эскизді жасауға маған мұғалім көмектесті. Ал жұмысты өзім жасадым. Материалдарды таңдадым, желімдедім. Мұндай кабинетте жұмыс істеу үлкен қуаныш. Мен мұнда оқитыныма өте қуаныштымын, мүмкін болашақта бұл маған мамандықты анықтауға көмектеседі», — деді Василиса Омарова.

Ал ұлдар үшін бөлек шеберхана бар. Онда да қажет құрал-саймандар бар.

600 балаға арналған білім ордасында су тасқыны кезінде  баспаналары зардап шегіп, Бірлік ауданына көшіп келген отбасылардың балалары да оқиды. Сонымен қатар, толық емес №16 мектеп,  № 23 және №4 ОМ пен әл-Фараби мектеп-лицейінен және өзге де білім ошақтарынан балаларды қабылдайды. 

Петропавлда алғашқы 600 орындық «Жайлы мектеп» ашылды

«Бүгін біз үшін маңызды оқиға. Біздің облыс орталығында жалғашқы жайлы мектеп есігін айқара ашты. Жоба мемлекет басшысының тапсырмасымен жасалып, жүзеге асырылды. Осы мектеп қабырғасында облысымыз бен еліміге еңбегі сіңетін, мақтанышпен айта алатын мамандар білім алып шығатынына сенімдімін», — деді мектептің ашылуына қатысқан облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов.  

Осы жылдың соңында Береке шағын ауданында 600 орынға шақталған тағы бір мектеп қолданысқа берілмек.

Тағы оқыңыз: СҚО-да жол апатынан үш айлық нәресте көз жұмды

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x