Петропавлда әйелдер киімдері топтамасының премьералық тұсаукесері өтті. Басты мақсат — «Ботай» мәдениетін қазақи үлгідегі киімдер арқылы әлемге таныту, деп хабарлайды Qazaqstan Media.
Шараны «AMANAT» партиясы СҚОФ жанындағы әйелдер қанатының өкілдері ұйымдастырды. ұйымдастырылған басқосуға облыс әкім Ғауез Нұрмұхамбетов қатысты. Шараның ерекше есте қалған сәті — көрсетілім. Жұртшылық алдына бірінен соң бірі шыққан арулар мен жігіттер елге танымал сән дүкендерінің шапандары мен көйлектерін паш етті.

«Ботай» мәдениеті арқылы ұлттық мұрамызды жаһан жұртына танытуымыз керек. Қазіргі таңда тарихи орынға ерекше көңіл бөлінуде. Фильм де түсіріліп жатыр. Заманауи киімдерді көрсету арқылы біз белгілі бір жетістіктерге жете аламыз», — деді «AMANAT»партиясы СҚОФ жанындағы әйелдер қанатының төрағасы Айгүл Нұрпейісова.
Этно мен заманауи үлгі ұштасқан киімдерді жиналған қауым жоғары бағалады. Алдағы уақытта тарихи орынды дәріптеуге арналған шара жалғасын таппақ.
Тағы оқыңыз: Бақытжан Ертайқызы: «Жаңа Конституцияның арқасында бірлігіміз одан әрі нығая түседі деп ойлаймын»


