[et_pb_section fb_built=»1″ admin_label=»section» _builder_version=»4.16″ global_colors_info=»{}»][et_pb_row admin_label=»row» _builder_version=»4.16″ background_size=»initial» background_position=»top_left» background_repeat=»repeat» global_colors_info=»{}»][et_pb_column type=»4_4″ _builder_version=»4.16″ custom_padding=»|||» global_colors_info=»{}» custom_padding__hover=»|||»][dsm_perspective_image src=»https://qaz-media.kz/wp-content/uploads/2023/04/1592122569_2019_10_03_adam-saudasy-900x_.jpg» align=»center» _builder_version=»4.18.0″ _module_preset=»default» global_colors_info=»{}»][/dsm_perspective_image][et_pb_text _builder_version=»4.18.0″ _module_preset=»default» global_colors_info=»{}»]

Петропавлда кәмелетке толмаған қыздарды жұмысқа орналастыруға көмектесемін деп, арам ойын іске асырған Ақмола облысының тұрғыны құрықталды. Ол адам саудасына әлеуметтік желі арқылы тұрмысы нашар, толық емес отбасыдан шыққан жас қыздарды тартқан, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

«Петропавл қаласында адам саудасымен және оларды пайдаланумен айналысқан Ақмола облысының тумасы ұсталды. Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында күдіктінің интернет және әлеуметтік желілер арқылы материалдық жағдайы ауыр қыздарды, оның ішінде қолайсыз және толық емес отбасылардан шыққан кәмелетке толмағандарды іздеумен айналысқаны анықталды», — деді ҚР Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің бастығы Қанат Нұрмағамбетов.

Күдікті қыздардың сеніміне кіріп, жұмыс іздеуге көмектесетінін айтып Петропавлға шақырған.

«Қыздар келгеннен кейін оларға психологиялық қысым жасап, қорқытып және физикалық зорлық-зомбылық көрсетіп, жыныстық қанау мен саудаға пайдаланған. Аталған схема бойынша күдікті Қостанай қаласының 19 жастағы тұрғынын жалдап, оны одан әрі қаладағы сауналар мен қонақ үйлерде жыныстық пайдалану үшін 250 мың теңгеге сатты. Бұл факт ҚК-нің 128-бабы 1-бөлігі-адам саудасы бойынша СДТБТ-да тіркелген. Қажетті көмек көрсету үшін жәбірленуші баспанаға орналастырылды», — деді Қанат Нұрмағамбетов.

[/et_pb_text][/et_pb_column][/et_pb_row][/et_pb_section]

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x