Сегізінші тамыз күні Тұңғыш Президент саябағында ұлы қазақ ақыны, философы және ағартушысы Абай күніне арналған мәдени іс-шара өтті. Шараны жастар ресурс орталығы ұйымдастырды, деп жазады Qazaqstan Media.
Бағдарлама аясында талантты жастар домбырада күй шертіп, Абайдың өлеңдерін оқыды. Мерекелік көңіл-күйді қаладағы шығармашылық ұжымдар толықтырды.

«Шараның негізгі мақсаты – Қазақстанның мәдени мұрасын сақтау мен насихаттау. Жастарды Абай шығармашылығына баулу, сондай-ақ ұлттық музыка мен әдебиетке қызығушылықты арттыру болды»,- дейді ұйымдастырушылар.
Іс-шараға жастар, қала тұрғындары және қонақтары қатысты.
Мереке өңірдің мәдени өміріндегі жарқын оқиғалардың біріне айналды. Домбырадан күй төгіліп, ұлттық ойындар ойналды. Әрине ұлы ақын Абайдың өлеңдері де оқылды. Бұл іс шара түрлі жастағы адамдарды Абай қалдырған құндылықтар төңірегінде біріктірді.
Тағы оқыңыз: Қытайда чикунгунья вирусы өршіп, карантин жарияланбақ