Петропавлда ақша бопсалаумен айналысқан төрт жігіт сотталды

Петропавлда 20 мен 23 жас аралығындағы төрт жігіт студенттерден қорқытып ақша жинаған. Оған қоса ұрлық жасап, адам денсаулығына қасақана орташа зиян келтірді деген айыппен, сот оларға үкім шығарды, деп жазады Qazaqstan Media.

Петропавлдық төрт жігіт бірлесе отыра, студенттерден қорқыту арқылы ақша жинаған. Олар арам істерін биылғы жылдың қаңтар-ақпан айларында істеген. Мәселен, аталмыш ер азаматтар 18 жастағы колледж студентінен ақша бопсалап келге. Жәбірленушіні жалдамалы пәтерлерге заңсыз жолмен қамап қою арқылы ақша талап еткен. Мобильді қосымшалар арқылы қарыздар алғызып, несиелер рәсімдеуге мәжбүрлеген. Сондай-ақ жігіт өзінің соңғы үлгідегі iPhone телефонын 50 мың теңгеге сатып, ақшаны бопсалаушыларға берген.

«Кезекті рет ақша алмақ болған жігіттер жәбірленушінің тұрғылықты мекенжайына келгенде, ол үйінде болмай шыққан. Жастар жалдамалы пәтерге кіріп, 70 мың теңге ақша мен гаджеттерді қуаттауға арналған аккумуляторды ұрлап кеткен. Ал, студент болса өз өміріндегі болып жатқанның барлығын әлеуметтік желілерге салып жүрген. Нәтижесінде оның бұл әрекеті басқалардың көзіне түскен»,- деп жазады СҚО ПД баспасөз қызметі.

Студент өзіне қысым көрсетіліп жүргенін оқу орнында өткен профилактикалық шаралардың бірінде жедел уәкілдерге айтқан. Келтірілген жалпы шығын – 400 мың теңгеден астам. Ұлттық қауіпсіздік комитеті басқармасының мамандары  қылмыскерлерді ұстау бойынша дереу шаралар қабылдады.

Бұдан бөлек, төрт жігіт  мас күйде тағы басқа да қылмыстар жасаған. Олар да сотта қаралды.

«СҚО Петропавл қалалық соты ұсталған төрт адамның үшеуін 8, 6, 4 жылға бас бостандығынан айырды. Ал біреуі 4 жылға шартты түрде бас бостандығынан айырылды»,- деп хабарлады СҚО ПД баспасөз қызметі.

 Айта кету керек, сотталғандардың үшеуі бұрындары түрмеде отырып шыққан.

Тағы оқыңыз: СҚО-да тасқын кезінде зардап шеккен кәсіпкерлер өтемақы ала бастады

 
Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x