Петропавлда сот ағайынды жігіттерді 20 тәулікке қамау туралы үкім шығарды. Олардың бірі жүргізуші куәлігінсіз әрі мас күйде ағасының машинасын мінсе, екіншісі оған қарсылық білдірмеген, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі.
Ағайындылардың ісін Петропавл қаласының әкімшілік құқық бұзушылық істер жөніндегі мамандандырылған соты қарады. Оларға ҚР әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 608-бабының 6-бөлігі бойынша айып тағылды.
Белгілі болғандай Д. есімді жігіт өзін жайсыз сезінгендіктен, BMW машинасын ішімдік ішкен әрі жүргізуші куәлігі жоқ інісіне басқаруға берген. Ол өз кінәсін сотта мойындады. Және де бауырының мас екенін білсе де рөлді сеніп тапсырғанын айтты.
С. есімді інісі де заң бұзғанын айтып, мойындап отыр. Ол үйде ағасымен болып, кейін екеуі дүкенге барған. Сол жерде ағасынан машинаны басқаруды сұрап алыпты. Ағасы оған қарсылық көрсетпеген.
«Медициналық куәландыру қорытындысы С.-ның жеңіл дәрежеде мас болған анықтады. Солтүстік Қазақстан облысының полиция департаментінің анықтамасына сәйкес, С.-ға жүргізуші куәлігі берілмеген. Сот қаулысымен Д. мен С. кінәлі деп танылып, әрқайсысына 20 тәулікке қамауға алу жазасы тағайындалды», — деп жазады Петропавл қаласының әкімшілік құқық бұзушылық істері жөніндегі мамандандырылған соты.
Тағы оқыңыз: СҚО оқушылары ғылыми жобалар байқауы аясында тест тапсырды