Петропавлда 90 орындық балабақшаның құрылысы басталды

Петропавлда Солнечный-2 ауданында 90 орындық балабақшаның құрылысы басталды. Ол инвестордың қаржысына салынады, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі.

Солнечный-2 ауданында құрылыс қызған. Қазір мұнда тасқын судан зардап шеккен тұрғындар үшін баспана салынып жатыр. Жалпы 700 үй тұрғызылатын болады. Бұл жұмыстарға еліміздегі алғашқы студенттер құрылыс жасағы да тартылған.

Қала шетіндегі жаңа ауданда балабақша да салынып басталды. Ол 90 орынға шақталған. Құрылыс жұмыстарына «Мирас Group» компаниясы 500 млн теңге қаржы құйыпты. Инвесторлық  қаражатқа  салынып жатқан мектепке дейінгі білім ордасы осы жылдың күзінде қолданысқа беріледі деп жоспарлануда.

Айта кету керек, көктемгі су тасқыны кезінде  облыста 3898 баспанаға су кіріп, оның 1720-сы апатты деп танылды. Үйлері жарамсыз болған азаматтардың әзірге 130-дан астамы Солнечый-2 ауданында баспаналы болуға өтініш білдірген.

Тағы оқыңыз: Петропавлда 31 мамыр күні бірнеше көшеде көлік қозғалысына шектеу қойылады

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x