Петропавлда 9-шы сынып оқушысы 16-шы қабаттан секіріп, мерт болды. Оқиға мамырдың 31-і күні күндізгі 3-тер шамасында болған, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға Жамбыл көшесі бойындағы 16 қабатты баспаналардың бірінде орын алды. Үйдің төбесінде тұрған қызды көргендер бірден «102» нөміріне қоңырау шалған. Алайда полиция қызметкерлері жеткенше, 9-шы сынып оқушысы жоғарғы қабаттан құлап, мерт болған.

«Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Істің мән-жайын жан-жақты зерделеуге бағытталған тергеу әрекеттері жүргізілуде. Олардың нәтижелері бойынша түпкілікті процессуалдық шешім қабылданатын болады», — делінген хабарламада.

Тағы оқыңыз: Ғабит Мүсірепов ауданында жұмыс қолғабын шығаратын цех ашылды

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x