Петропавлда 80 жастағы қарияны «ГАЗель» көлігі қағып кетті

Петропавлда «ГАЗель» көлігі 80 жастағы қарияны соғып кеткен. Кейуана қазір ауыр жағдайда ауруханада жатыр, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Жол-көлік оқиғасы 16-шы қыркүйек күні Хименко көшесінде болған. «ГАЗель» көлігін басқарған 31 жастағы жүргізушісі зейнеткерді жаяу жүргіншілер жолағында соғып кеткен. Қарияны жедел жәрдем қалалық көпбейінді ауруханаға ауыр жағдайға жеткізілді.

«Қарияның миы шайқалып, бірнеше қабырғасы мен жамбас сүйегі сынған. Бұдан өзге де ауыр жарақаттары бар. Зардап шегуші бірден жансақтау бөліміне жатқызылды. Қазіргі кезде жағдайы ауыр, бірақ тұрақталды. Сондықтан терапия бөліміне ауыстырылды. Барлық қажетті көмекті алып жатыр», — деп мәлімдеді облыстық денсаулық сақтау басқамасының баспасөз хатшысы.

Полицейдердің хабарлауынша, «ГАЗель» көлігінің жүргізушісі мас болмаған. Машина арнайы тұраққа қойылды.

Тағы оқыңыз: Қаруды тазалап жатып өзін атып алған: СҚО-да оқ тиіп жараланған ер адам ауруханаға жеткізілді

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x