Петропавлда 7,5 шақырым болатын жылу желілері ауыстырылады

Петропавлда AMANAT партиясы депутаттық фракциясының отырысы өтті. Онда сайлауалды бағдарламаның іске асырылуы, жылыту маусымына дайындық, облыс орталығын сумен, газбен және электрмен қамтамасыз ету мәселесі қаралды, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Биыл ұзындығы 45 км болатын қаладағы 53 көшеде орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Оның 39-ында ешқашан асфальт болмаған. Бұл туралы жиынға қатысқан шаһар басшысы Серік Мұхамедиев айтты. Бұдан бөлек, ол тұрғын үй құрылысының қарқыны туралы да баяндады.

Петропавлда 7,5 шақырым болатын жылу желілері ауыстырылады

«Өткен жылы 191 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Қазіргі уақытта 26 құрылыс алаңында жұмыстар белсенді түрде жүріп жатыр. Оның 11-і бюджеттік болса, қалғаны — коммерциялық. Халық санының өсуімен тұрғын үйге деген сұраныс артқан. 2024 жылдың соңына дейін 207,1 мың шаршы метрді енгізу жоспарлануда. Бүгінгі күні 21,4 мың шаршы метр орындалды», — деп атап өтті Серік Мұхамедиев.

Биыл Петропавлда 7,5 шақырым болатын жылу желілері ауыстырылмақ. Сонымен қатар осы жылы жергілікті билік өкілдері сорғы жабдықтарын жөндеу, бекіту арматураларын ауыстыру және жылу оқшаулауын қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуді жоспарлап отыр.

Петропавлда 7,5 шақырым болатын жылу желілері ауыстырылады

Петропавлда 7,5 шақырым болатын жылу желілері ауыстырылады

«Биыл Промышленная — Жуков көшесіндегі жылу магистралі бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Бұл қаланың солтүстік бөлігі мен өнеркәсіптік аймақтың қажеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ, №5 жылу магистралінің құрылысы жалғасуда. Оның нәтижесінде Орман, Борки шағын аудандары, жаңадан салынып жатқан әскери академия ғимараты мен жаңа кәсіпкерлік нысандары орталықтандырылған жылу жүйесіне қосылатын болады», — деді ТКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының міндетін атқарушы Айдын Мәкенов.

Тағы оқыңыз: СҚО-да эпидемиологиялық жағдай тұрақты – ҚР штаттан тыс бас балалар инфекционисті

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x