Петропавлда екі ер адам жанжалдасып, бірі екіншісіне пышақ сұғып алған. Қазір жарақаттанған азамат ауруханада жатыр, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі.

Оқиға 10 сәуір күні Петропавлдағы Жұмысшы кентіндегі үйлердің  бірінде болған. 58 жастағы ер адам танысына қонаққа келіп, екеуі бірлесіп ішімдік ішкен. Кейін екеуі жанжалдасып қалған. Сол сәтте бірі екіншісіне пышақ сұғып алған.

«Қазір осыған қатысты тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда», — деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Ал жарақат алған азамат қазір ауруханада жатыр. Пышақ оның мойын тұсына кірген.

«Аураханаға түскен кезде жағдайы ауыр болды. Көп қан жоғалтқан. Оған бірден ота жасалып, жансақтау бөліміне жатқызылды. Тиісті ем-дом шаралары жасалып жатыр. Бүгіндері ол жарақат бөліміне ауыстырылған», — деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының  баспасөз қызметі.

Тағы оқыңыз: Петропавлда қоқыс пен құрғақ шөп жанып, үйлерге қауіп төнді

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *