Екінші мамыр күні Петропавлда 56 жастағы әйел бесінші қабаттан құлап, ауруханаға жеткізілді. Қазір жағдайы ауыр, жансақтау бөлімінде жатыр, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі.

Бесінші қабаттан құлаған әйелді ауруханаға жедел жәрдем қызметкерлері күндізгі сағат 16:51 жеткізді. Көпсалалы қалалық аурухана мамандары пациентті бірден тексеріп жансақтау бөліміне жатқызды.

«Әйелге миы шайқалып, оң жақтағы бірнеше қабырғасы сынған. Оң жаң өкпесіне зақым келген. Бас сүйегінің жабық жарақаты диагнозы қойылды. Қазір барлық медициналық тексеріс жүргізіліп жатыр. Қажетті емшара көрсетілуде», — деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Әйел адам облыс орталығының тұрғыны. Ол Новая көшесіндегі көпқабатты үйлердің бірінің терезесінен құлапты. Полицейлер аталған факті бойынша тексерісті бастап кетті.
Тағы оқыңыз: СҚО-да көлік бақылау инспекциясының қызметкері 15 тәулікке қамауға алынды

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x