Петропавлда 5-ші қабаттан секірмек болған қыз құтақырылды

Петропавл қаласында бесінші қабаттан секірмек болған 20 жастағы қызды полицейлер аман алып қалды. Олар өмірлерін қатерге тігіп, еш сақтандырусыз көпқабатты үйдің балконына шықты, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі.

Оқиға жексенбі, 12-ші мамыр күні Амангелді көшесінде тіркелді. 20 жастағы қыз бесінші қабаттың балконынан секірмекші болған.

«Аталған мекенжайға жедел жеткен аға инспектор Бақтияр Дощанов пен аға лейтенант Азамат Темірханов бірнеше секунд ішінде пәтерге кіреді. Ол кезде өз өмірін қимақ болған қыз балконның шетінде тұрған. Жағдайды бағалаған соң, Бақтияр Дощанов балконның екінші терезесінен  сыртқа түсіп, әріптесі Азамат Темірхановтың көмегімен қызға пәтерге аман-есен қайта кіруге көмектесті», — деп нақтылады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Айта кету керек, тәртіп сақшылары еш сақтандырусыз әрекет еткен. Адам өмірін құтқару жұмыстары үш минуттай уақытты алды. 20 жастағы қыз жедел-тергеу тобының қызметкерлеріне тапсырылып, полиция басқармасына жеткізілді.

Тағы оқыңыз: Петропавлда Өзбекстан азаматы құрылыс алаңында жарақат алды

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x