Петропавлда 5 мың орынға шақталған жабық футбол алаңы салынады. Нысан «Береке» шағын ауданында бой көтереді, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі Asnews порталына сілтеме жасай отыра.
Шағын футбол алаңы елге танымал кәсіпкер Сергей Канның бастамасымен салынады. Айта кету керек, азамат Қазақстандағы ең бай 35 адамның ішіне кіреді. Сонымен қатар ол облыс орталығында футбол академиясын ашуды жоспарлап отыр.
Күні кеше ғана Петропавлда «ALAN» жобасы аясында жаңартылған екінші футбол алаңы қолданысқа берілген болатын. Қоса кетейік, жыл басында облыс орталығындағы жалғыз жабық футбол алаңы өртке оранып, күлі көкке ұшты.
Бұл бастамалар өңір футболына жаңа серпін берері сөзсіз. Жақын арада теріскейден жаңа таланттар шығуы да ғажап емес.
Тағы оқыңыз: Петропавлда жыл соңына дейін жаңа мұз аренасы пайдалануға беріледі