Петропавлда тұрмыстық жанжал барысында әйелі өз күйеуіне пышақ сұғып алған. Алған жарақаттардан ер адам оқиға орнында көз жұмды, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі.

Оқиға ақпанның 24-і Петропавл қаласындағы Әуезов көшесі бойында орналасқан көпқабатты үйлердің бірінде болған. Спирттік ішімдік ішіп отырған ерлі-зайыптылар арасында жанжал туындаған. Сол кезде әйелі қолына пышақ алып, күйеуіне сұғып алған. Алған дене жарақаттардан 51 жастағы ер адам оқиға орнанда көз жұмды.

«Аталмыш факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Адам өліміне қатысы бар күдікті қамауға алынды. Тергеу жүргізіліп жатыр. Алдын ала болжам бойынша 46 жастағы келіншек тұрмыстық жанжал барысында күйеуін пышақтаған», — деп нақтылады СҚО ПД баспасөз қызметі.

Тағы оқыңыз: «Ата жолы» картасының қандай артықшылықтары бар

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *