Петропавлда өз пәтерінде өлтірген әйелдің денесі табылды. Қайғылы оқиға қазанның екісі күні болған, деп жазады Qazaqstan Media.
Полицейлерге қаладағы пәтерлердің бірінен әйелдің денесі табылғаны туралы хабарлама келіп түседі. Кейін 44 жастағы келіншектің өз үйінде өлтірілгені анықталды.
«Осы қылмысқа қатысы бар деген күдікпен қаланың 52 жастағы тұрғыны ұсталып, қамауға алынды. ҚР ҚК «абайсызда жәбірленушінің өліміне әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды», — деп хабарлады Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Тағы оқыңыз: Шалақындық ұстаздың туындысы Астанадағы кардиологиялық орталықта ілулі тұр