Петропавлдағы жатақханалардың бірінде көршілер арасында жанжал болып, ер адам 42 жастағы әйелге пышақ сұғып алған. Оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Оқиға Петропавлдағы Шухов көшесі бойындағы жатақханалардың бірінде болған. Бірлесіп ішімдік ішкен қос азамат дәлізде жанжалдасып қалған. Сол кезде 67 жастағы ер адам көршісіне пышақ жарақатын салған.

«Күдікті ұсталды. Қазір денсаулыққа қасақана зиян келтіру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр», — деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі.

Ал жарақат алған 42 жастағы әйел бірден ауруханаға жеткізілді. Оған ота жасалды. Дәрігерлер келіншектің жағдайы ауыр деп отыр.

Тағы оқыңыз: Петропавлда сауда үйіндегі өртке қатысты қылмыстық іс қозғалды

 

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *