Петропавлда 31 мамыр күні бірнеше көшеде көлік қозғалысына шектеу қойылады

31 мамыр күні кешкі уақытта Петропавлдың Жамбыл Жабаев, Крепостная көшелері, сондай-ақ Володарский өткелі бойынша көлік қозғалысы шектеледі. Себебі, терроризмге қарсы оқу-жаттығу жиындары өткізілетін болады, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі.

Іс-шараның мақсаты — құқық қорғау және арнайы органдардың күштері мен құралдарының террористік сипаттағы түрлі қауіп-қатерлерге ден қоюға дайындығын тексеру.

«Осыған байланысты, сағат 19:00-ден 22:00-ге дейінгі кезеңде Жабаев, Крепостная көшелері, сондай-ақ Володарский өткелі бойынша көлік қозғалысы шектеледі. Автобус маршруттары мен өзге де көлік құралдары үшін айналма жол ретінде Жамбыл өткелі пайдаланылатын болады (Қазақ драма театрының артында орналасқан)»,- делінген СҚО терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабтың хабарландыруында.

Штаб мамандары тұрғындардан уақытша шектеулерге түсіністікпен қарауды, қауіпсіздік шараларын сақтауды, мемлекеттік органдардың жұмылдырылған қызметкерлерінің заңды талаптарын орындауды сұрайды. Сонымен қатар, тек ресми ақпарат көздеріне сенуді және жалған мәліметтердің таралуына жол бермеу керектігін ескертеді.

Тағы оқыңыз: Петропавлда 7,5 шақырым болатын жылу желілері ауыстырылады

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x