Петропавлда алдағы уақытта мектепке дейінгі біліммен қамту мәселесі түбегейлі шешілмек. Бүгіндері Жас Өркен шағын ауданында жаңа балабақшаның құрылысы басталды, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Бұл туралы облыс әкімі Ғауез Нұрмұханбетов өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады. Өңір жетекшісі қаладағы құрылыс нысандарын аралаған. Соның ішінде Горький көшесі бойындағы 280 орындық балабақша да бар.

Петропавлда 280 орындық балабақшаның құрылысы басталды

Балабақшаның құрылысын «Основание» компаниясы жүргізуде. Олар бұған дейін Береке шағын ауданында балабақша тұрғызған болатын.

«Жеті жылдық үзілістен кейін былтыр өңірімізде мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің құрылысы қайта жанданды. 2024 жылы Бірлік және Береке шағын аудандарында жаңа балабақшалар ашылды. Құрылысы енді басталған Жас Өркен ауданындағы  жаңа балабақша өңірдегі мектепке дейінгі біліммен қамтуды 98,5%-ға жеткізуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ, балаларды толық қамту үшін қолданыстағы мекемелерді кеңейту жоспарлануда», — деп жазды өңір басшысы әлеуметтік желіде.

Бұдан бөлек, өңір басшысы Жұмысшы кентіндегі теміржол арқылы өтетін жаңа көпірдің құрылысын тексерді. Бұл жоба қазіргі жол өткелінің жүктемесін азайтады және қаланың солтүстік-шығыс бөлігіне балама кіреберіс ретінде болады. Құрылысты биыл аяқтау жоспарланған. Облыс әкімі жұмыстардың мерзімі мен сапасын қатаң бақылауды тапсырды.

Петропавлда 280 орындық балабақшаның құрылысы басталды

Тағы оқыңыз: Су тасқынының алдын алу: СҚО-ға Қарағандыдан 50 әскери келді

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *