Петропавлда 28 адам көкжөтел жұқтырған

Петропавлда жыл басталғалы бері 28 адамнан көкжөтел анықталған. Дертке шалдыққандардың дені екпе алмаған екен, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі.

Қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы мамандарының айтуынша былтыр осы кезеңде ауру жұқтырғандар тіркелмеген. Дертке шалдыққандардың барлығы 14 жасқа дейінгі балалар.

«Ауру жұқтырған 28 баланың 27-сі екпе алмаған. 20 жағдайда балалардың ата-аналары вакцина қойдырудан бас тартқан», – дейді қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының эпидемиологиялық бақылау және қадағалау бөлімінің басшысы Серік Аусатов.

Мамандар осылай жалғаса берсе дерт жұқтырғандар қатары арта түседі деп отыр. Өйткені, көкжөтелмен ауырған адам 30 күн бойы инфекцияны тарата алады.

«Инфекция ауырған адаммен тығыз байланыста болған кезде ауа-тамшылары арқылы жұғады. Көкжөтелге қарсы негізгі алдын алу шарасы бұл -вакцинация. Ұлттық вакцинация күнтізбесіне сәйкес, сәбилерге вакцина 2, 3, 4, 18 айлығында және бір жарым жаста қойылады екен. Қазір Петропавлда қосымша екпе егу науқаны жүргізіліп жатыр. Бұл бұрын вакцина алмаған жандарға арналған», – деді спикер.

Тағы оқыңыз: Уәлиханов ауданында егіс алқабының 55 % егін егілді  

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x