Петропавлда қазанның 24-і күні күзгі ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді. Оған облыстың және Петропавл қаласының барлық аудандарының тауар өндірушілері қатысады, деп жазады Qazaqstan Media.
Дәстүрлі ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі М. Жұмабаев көшесі бойында өтеді. Сауда алаңдары Интернационал көшесінен Пионер көшесіне дейінгі аралықта жайылатын болады.
«Жәрмеңкеде 1207 тонна өнім сатылатын болады. 100-ден астам азық-түлік және мал азығы ұсынылмақ. Оның ішінде: ет және шұжық өнімдері, сүт және сүт өнімдері, ұн және жарма, макарон және кондитерлік өнімдер саудаланатын болады. Сонымен қатар, омарташыларымыздан бал және ара шаруашылығы өнімдерін, көкөністерді арзан бағамен сатып алуға мүмкіндік бар», — деп жазылған СҚО ауыл шаруашылығы басқармасы жариялаған хабарламада.
Қала тұрғындары мен қонақтары үшін өңіріміздің 100-ге жақын кәсіпорны өз өнімдерін ұсынады. Жәрмеңкедегі өнімдердің бағасы нарықтағыдан 15-20% арзан болады.
Сонымен қатар, Жұмысшы кентіндегі Космонавттар көшесі 79/1 мекенжайында үй жануарларына арналған жем-азық сатылады.
Тағы оқыңыз: Петропавлда автокөлік нұсқаушысы мас күйде көлік жүргізу сабағын өткізген