Петропавлда 201 көпқабатты үй жылыту маусымына дайын

Петропавлда алдағы жылыту маусымына дайындық басталып кетті. Қазір шаһардағы көпқабатты тұрғын үйлерде құбырларды шайып, қысымын тексеру жұмыстары жүргізілуде. Облыс орталығындағы 1170 көпқабатты үйдің, әзірге 201-і ғана қысқа дайын, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі.

Петропавлда орталықтандырылған жылыту жүйесіне барлығы 1170 көпқабатты үй қосылған. Оның 759-ында басқару формасы бар. Қалалық ТҮКШ бөлімі баспасөз қызметінің мәліметінше, қазір 201 көпқабатты үй алдағы жылыту маусымына дайындалып, техникалық тексерістен өткен.

Мәселен, «Интернациональная 24» МИБ төрағасы Гүлнар Кәрібаеваның айтуынша, өздеріне тиесілі тұрғын үйлердің барлығын олар алдағы қысқа дайындап болған. Құбырларды оқшаулап, сүзгілерді тазартқан. Сорғылардың үздіксіз жұмыс істеуін тексеріпті. Одан қалды монометрлерді де тексеріп, пломбаларын салған.

«Біз үйді қысқа толықтай дайындаймыз. Жыл сайын жылыту маусымы аяқталғасын-ақ қысқа қамданамыз. Жылыту жүйесін шайып, қысымын тексереміз. Себебі кейде пәтерлерде құбырлар шыдас бермеуі мүмкін. Соны алдын ала қадағалаймыз. 10 күн бұрын подъезде хабарландыру іліп, тұрғындарды қысқа дайындық жұмыстары болатындығы жайында құлағдар етеміз. Егер қандай да бір пәтерде құбыр ауыстырылып, оның диаметрі кішкентай болса, бірден пәтер иесін «қыста шыдамауы мүмкін, ауыстыру қажет деп ескертеміз». Жылу далаға шықпас үшін, тіпті подъездегі терезелердің толықтай жабылуын бақылаймыз», — дейді Гүлнар Кәрібаева.

Өкінішке қарай, облыс орталығындағы көпқабатты үйлердің барлығы мұндай техникалық тексерістен өтпейді. Тіпті, кейібірінде басқару формасы жоқ. Оларда жағдай мүлдем басқаша.

«Бүгінгі таңда жылыту масумына техникалық тексерістен 749 нысан өтті. Оның 201-і көпқабатты тұрғын үй, 148-і жеке сектор. Қалған нысандар бойынша жұмыстар жалғасып жатыр. Басқару формасы ұйымдастырылмған үйлерде, жылыту маусымына дайындықты пәтер иелері өздері жүргізеді. 2024-2025 жылдары жылыту маусымына дайындық барысында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр», — деп нақтылады Петропавл қалалық ТҮКШ бөлімінің баспасөз қызметі.

Тағы оқыңыз: СҚО-да иттерін дұрыс серуендетпегендер 5 млн теңгеден астам айыппұл төледі

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x