Петропавл қаласыннан қар шығару жұмыстары күнделікті жүргізіліп тұрады. Бүгінгі таңда шаһар көшелерін 200-ге жуық техника тазалайды, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.
Көшелердегі қарды тазалау үшін коммуналдық қызмет мамандары, шаһарды төрт бағытқа бөліпті. Жұмыстар кестеге сәйкес күн сайын жүргізіледі. Қар тазалау жұмыстары түнгі уақытта ұйымдастырылады.
«Барлық бағыттар бойынша 200-ге тарта техника шығады. Оның ішінде қар тиейтін, сыратын, шығаратын техника бар. Қалалық әкімдікпен үш басты мердігер компания келісімге отырған. Сонымен қатар, бұл шараға 250-ге тарта жұмысшы тартылған» , — деп нақыталды Петропавл қалалық әкімнің баспасөз хатшысы Әсем Айтолла.
Қар шығарылып, тазаланған жолдарға көктайғаққа қарсы құм-тұз араласқан қоспалар себіледі. Бұл жұмыстар таңғы сағат бес-алты кезінде жүргізіледі. Қоспалар әсіресе аялдама маңдарына, жаяу жүргіншілер жолдарына төселеді.
Тағы оқыңыз: СҚО-да қарлы бораннан жолдар жабылды