Петропавлда 18 қабаттан биік үйлер салуға тыйым салынды

Петропавлда құрылыс саласында өзгерістер енгізілді. Айтар болсақ, енді 18 қабаттан биік үйлер тұрғызылмайтын болды. Бұл шешім туралы шаһар басшысы тұрғындармен кездесу барысында айтты, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі.

Соңғы жылдары қаланың құрылыс саласы қарқынды дамып келеді. Өткен жылдың өзінде Петропавлда 191 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Қазіргі уақытта 11 бюджеттік және 14 коммерциялық үй салынып жатыр.

«Өткен аптада қалада «Қызылжар 2024» халықаралық инвестициялық-құрылыс форумы өтті. Онда жалпы сомасы 60 миллиард теңгеден асатын ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойылды.  Бұл Петропавлда заманауи тұрғын үй кешендерінің құрылысын бастауға мүмкіндік береді»,-деді қала әкімі Серік Мұхамедиев.

Сондай-ақ, Петропавлда  18 қабаттан жоғары үйлер салуға тыйым салу туралы шешім қабылданыпты. Ол өрт қауіпсіздігі нормаларына сай  емес және біздің шаһар үшін тиімсіз екен.

«Қаланы жоспарлау жобаларына қойылатын жаңа талаптарды ескере отырып, қала құрылысы регламенттеріне сәйкес келмейтін нүктелік құрылыс тоқтатылады. Қазіргі уақытта қалада осындай 36 учаске табылды. Біз бұрын заңнаманы бұза отырып берілген осы жерлерді алып қою тетігін пысықтап жатырмыз. Сондықтан, әлеуетті инвесторларды Копай шағын ауданындағы жаңарту бағдарламасына қатысуға шақырамын. Бұл аудан қала орталығында орналасқан, қазірдің өзінде барлық қажетті коммуникациялармен жабдықталған жобалар әзірленген. Сондықтан кәсіпкерлер үшін бизнесті дамыту үшін барлық жағдай жасалған»,- деп толықтырды қала басшысы.

Тағы оқыңыз: СҚО-дағы инженерлік желілердің 65% тозған

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x