Петропавлда 18 жастағы бойжеткен ер адамға пышақ сұғып алды

Петропавлда 18 жастағы бойжеткен өзінен 13 жас  үлкен ер адамды пышақтап тастаған. Қазір жарақат алған азамат ауыр халде ауруханада жатыр, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Оқиға 30 қазан күні таңғы төрт жарымдар шамасында болған. Қала көшелерінің бірінде 31 жастағы ер адам пышақ жарақатын алған. Ол дереу ауруханаға жеткізілді.

«Науқас ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілді. Оған бірден ота жасалды. Көп қан жоғалтқан. Бүгін ол хирургия бөлімшесіне ауыстырылды», — деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Ал тәртіп сақшылары күдіктіні бірден қолға түсірген. Ол 18 жастағы қала тұрғыны болып шықты. Қазір ҚР ҚК 106 бабы 1 бөлігі (Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру) бойынша іс қозғалды. Бойжеткен үш жылдан сегіз жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Тағы оқыңыз: Петропавлдық ефрейтор республикалық байқауда үздік атанды

 

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x