жылу магистралі

«Петропавл жылу желілері» ЖШС Сәтпаев көшесінің бойындағы жылу магистралін жаңартып жатыр. Мамандардың сөзінше, бұл құбыр 1980 жылы қолданысқа берілген. Сол уақыттан бері тек күрделі және ағымдық жөндеу жұмыстары жүргізілген, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі

Ал, 2020 жылдан бастап жауапты мамандар жылу магистраліндегі ақауларды байқағандықтан, толығымен жаңартуды қолға алған. Жөндеу жұмыстары былтыр басталған. Жалпы 1,5 шақырым құбыр ауыстырылмақ. Жоба құны 1 миллиард 222 миллион теңге. Өткен жылы 0,2 шақырымдық учаскеде 287 миллион теңгенің жұмысы жүргізілсе, биыл 1 шақырымдық учаскеге 631 миллион теңге бөлінген. Сәтбаев көшесіндегі нөмір 3 жылу магистралін жаңарту жұмыстары толығымен 2024 жылы аяқталады деп жоспарланған. Қазргі уақытта жұмыс кестеге сай жүргізіліп жатыр. Құбырды ауыстыру кезінде 17 көпқабатты тұрғын үй мен 9 заңды тұлға уақытша басқа желіге көшірілген. Сондықтан тұрғындар сусыз қалмайды.

«Бұл жоба 3 жылға шақталған. Өткен жылы Кошуков көшесі бойында мотор құлпын ауыстыру, жылу камерасын салу жұмыстары жүргізіліп еді. Сәтпаев 42 үйіне дейінгі желілер былтыр жаңартылған. Ал биыл сол жерден бастап Медведев көшесі арқылы Сәтбаев бойымен Баравскойға дейін созылады. Келесі жылы Ружейников көшесінің бойындағы магистральдық желілеріді ауыстыруды жоспарлап отырмыз. Қазіргі уақытта құжаттары дайындалып жатыр», — дейді «Петропавл жылу желілері» ЖШС №2 желілік аймағының басшысы Алексей Хоменко.

Мұнымен қатар, «Петропавл жылу желілері» ЖШС жалпы ұзындығы 6228 шақырымды құрайтын 19 магистральдық және 10 тарату желілерінде  жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. 

Тағы оқыңыз: Айдарбек Сапаров жылу электр орталығына барды

 

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x