Петропавлдық полицейлер оқушы қызбен жыныстық қатынасқа түскен 28 жастағы ер адамды ұстады, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, сотқа дейінгі тергеу 28 жастағы ер адамның 14 жастағы кәмелетке толмаған қызбен жыныстық қатынасқа түскендігін анықтады. Күдікті Петропавл қаласы полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалды.
«Аталған факт ҚР ҚК 122-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді («Он алты жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынас немесе сексуалдық сипаттағы өзге де әрекеттер жасау»). Қазіргі уақытта істің барлық мән-жайларын толық, жан-жақты және объективті зерттеуге бағытталған тергеу әрекеттері жүргізілуде», — делінген баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.
Тағы оқыңыз: Қалалық ТҮКШ бөлімінің қызметкерлері заңбұзушылыққа барған