Петропавлда оқушы ашық тұрған кәріз құдығына құлап кетті. Абырой болғанда ешбір жеріне зақым келмеген, деп жазады Qazaqstan Media.

Бұл туралы полицияға баланың анасы хабарлаған. Оқиға 11-ші наурызда Петропавлдағы Ухабов көшесінде болған. Абырой болғанда ол құдықтың ернеунен ұсталынып, төменге түсіп кетпепті.

«Көпбейінді облыстық балалар ауруханасына баланы ата-анасы әкелді. Ешбір жеріне зиян келмеген. Ауруханаға жатқыузға ешбір көрсеткіш болмады», -деп нақтылады облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Аталған факті бойынша учаскелік инспектор құдыққа жауапты кәсіпкерге қатысты әкімшілік материал жинаған. 

«Егер сіз ашық құдықты немесе қалалық инфрақұрылымға байланысты басқа қауіпті жағдайларды байқасаңыз, iKomek «109» диспетчерлік орталығына немесе «102» телефонына хабарлаңыз», -деп ескертеді СҚО ПД баспасөз қызметі.

Тағы оқыңыз: Ербол Исақаев: Ғылымды дамыту – Қозыбаев университетінің стратегиялық басымдығы

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *